Halyq Uni логотип
×

Шахматтан әлем чемпиондарына да өмір бойы қаржылай көмек берілмек

Талапкер еліміздің дене шынықтыру және спорт саласында 10 жыл бойы үздіксіз еңбек етуге тиіс

 Еркеғали Болатұлы 21.07.2023 | 10:41
Шахматтан әлем чемпиондарына да өмір бойы қаржылай көмек берілмек
фото: ашық дереккөз

Мәдениет және спорт министрлігі мемлекеттен өмір бойы материалдық көмек алуға құқылы спортшылар қатарын кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл тізімге ересектер арасындағы классикалық шахматтан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен олардың жаттықтырушылары да қосылуы мүмкін.

Спортшылар мен жаттықтырушының міндетті еңбек өтілін 20 жылдан 10 жылға төмендету көзделіп отыр. Талапкер еліміздің дене шынықтыру және спорт саласында 10 жыл бойы үздіксіз еңбек етуге тиіс.

Қаржылай көмек тек Қазақстанның азаматтығы бар спортшыларға ғана беріледі. Тиісті құжат жобасы Ашық үкімет порталына қоғам талқысына шығарылды.

Қазір өмір бойы қаржылай көмек олимпиада, паралимпиада және сурдлимпиада жеңімпаздары мен жаттықтырушыларына беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама