ҰҚК мұнай өнімдері контрабандасының жолын кесті
Бірнеше қалада арнайы операция жүргізілді
ҰҚК мұнай өнімдерін шетелге заңсыз шығару арнасының жолын кесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті «А» арнаулы мақсаттағы қызметімен, сондай-ақ Түркістан облысының прокуратурасымен өзара әрекеттесе отырып, қазақстандық мұнай өнімдерін шетелге, оның ішінде теңіз арқылы заңсыз шығару арнасының жолын кесті.
Астана, Шымкент қалаларының және Түркістан, Маңғыстау облыстарының аумағында тиісті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.