Қыздың әке-шешесі бейнежазбадағы әйелге ақшалай қарыз болған
Алматы облысы Қырғауылды ауылында жеткіншек қызды көршісі байлап тастаған. Полиция түсініктеме берді.
Бейнежазбада әйел жеткіншектің аузы мен қолын байлап тастаған. Полицияның айтуынша, әйелдің жасы - 23-те.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ол мұны кәмелетке толмаған баланың ата-анасына ашуланып істеген. Өйткені қыздың әке-шешесі бейнежазбадағы әйелге ақшалай қарыз болған. Бірақ күдікті баланы босатып қоя берген, - дейді ведомство.
Ал жәбірленуші қыздың анасы ауылдастарының үстінен арыз жазудан және сот-медициналық сараптама жүргізу үшін қызын ұсынудан үзілді-кесілді бас тартқан.
Бұл факт Қылмыстық кодекстің 389-бабы бойынша («Өзінше билік ету») Жамбыл аудандық полициясында тіркелген. Қажетті сараптамалық тексерулер жасалады дейді полиция.