Halyq Uni логотип
×

«Өз-өзіне қол жұмсағысы келген»: Алматы полициясы мәлімдеме жасады

Ер адам ас үй пышағын тамақ тұсына тақап алған

 Дастан Жұмабекұлы 20.07.2023 | 14:01
«Өз-өзіне қол жұмсағысы келген»: Алматы полициясы мәлімдеме жасады
Фото: polisia.kz

Алматының патрульдік полицейлері өз-өзіне қол жұмсағысы келген ер адамды райынан қайтарды.

Алматы қаласының патрульдік полицейлері Бостандық ауданы тұрғынының көмек сұрап, хабарласқанын айтты. Полицияның хабарлауынша, бір әйел мас күйеуінің өз-өзіне қол жұмсағысы келгенін айтқан.

Осыдан кейін ол үйге көмекке бірінші болып «Буран-143» патрульдік экипажы барды. Ер адам үй сыртындағы кондиционер компрессорына отырып алып, төменге секіремін деп қорқытқан. Оның үстіне қолында пышақ болған.

Оның қолында үлкен ас үй пышағы болды. Пышақты тамақ тұсына тақап алған. Полиция қызметкерлері қорықпай, күйеуімді өлімнен құтқарып алды. Күйеуім оларды да пышақпен жаралауы мүмкін еді. Полиция қызметкерлеріне көп рақмет! – деді қала тұрғыны.

Әйелдің айтуынша, күйеуі мас болып, ашуланып, жанжал шығарған. Содан кейін ол өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің мән-жайын анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама