Бір қызығы, осы жекпе-жектің алдында ғана қазақстандық файтер келісімшартты ұзартатынын айтқан
Дамир Исмағұловтың UFC-дегі келісімшарты аяқталды. Бұл туралы лигадағы өзгерістер туралы баяндайтын UFC Roster Watch Twitter арнасы хабарлады.
UFC аясындағы соңғы жекпе-жекте Исмағұлов төрешілер шешімімен америкалық Грант Доусоннан ұтылды. Бұл кездесу 2 шілдеде өткен болатын. Бір қызығы, осы жекпе-жектің алдында ғана қазақстандық файтер келісімшартты ұзартатынын айтқан еді...
Еске сала кетсек, желтоқсан айында Дамир Исмағұлов төрешілердің бірыңғай шешімімен ресейлік Арман Царукяннан жеңілген болатын. Ал бұл көрсеткіш UFC-де қатарынан 5 рет жеңіске жеткен Дамир үшін алғашқы жеңіліс болды.
Бұған дейін 3 рет қатарынан жеңілген қазақ Жалғас Жұмағұловтың UFC-ден шығарылғанын жазған болатынбыз.