Маңғыстау облысында есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Динара Амантай

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото: polisia.kz

Маңғыстау облысында есірткінің ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 11 маусымда сағат 00:30 шамасында «Қарасора-2023» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Маңғыстау облысы ПД есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы 14-шағын аудан мекенжайы бойынша есірткі заттарын сақтады деген күдікпен 29 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған.

Тінту барысында күдіктіден 31,70 грамм мефедрон бар 33 байлам тәркіленді. Автокөлік пен пәтерді тінту кезінде тағы 212 байлам мефедрон тәркіленді. Сонымен қатар құрамында псилоцибин бар 5 байлам галлюциногенді саңырауқұлақтар табылды.

Күдікті есірткіні жасырған тағы бір орынды өз еркімен көрсетіп, ол жерден де 532,34 грамм мефедрон тәркіленді. Барлығы 768,38 грамм мефедрон және 165,43 грамм псилоцибин тәркіленді.

ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша ПД СДТБТ-де тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.