×

Тоқаев корей театрының актерін мемлекеттік наградамен марапаттады

Олег Ли ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

 Ербол Тұрымбет 03.05.2022 | 09:24
Олег Ли, фото: hansanglab.com

Мемлекет басшысы театр өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театры» РМҚК актері Олег Сафронович Лиді  ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградтау туралы жарлыққа қол қойды.

Олег Ли 1942 жылдың 4 мамырында дүниеге келген. Ол 80 жасқа толып отыр. 

Мемлекеттік корей музыкалық республикалық комедия театры 1932 жылы Владивостокта құрылды. Бұл — әлемдегі алғашқы этникалық және Корей түбегінен тыс жалғыз мемлекеттік корей театры. 1937 жылы депортация негізінде Қазақ кеңес социалистік республикасының Қызылорда қаласына көшірілді.

Театр репертуарында ұлттық және заманауи кәріс спектакльдері бар. Барлық қойылым кәріс тілінде көрсетіледі. Сондай-ақ, құлаққаптың көмегімен қойылымдарды орыс тілінде тамашалауға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Ерлан Қошанов Мәжіліс төрағасы болып сайланды

Депутаттар Ерлан Қошановтың кандидатурасын қолдады
29.03.2023 | 12:41

Тәжікстанда Украинадағы соғыста қаза тапқан азамат жерленді

Ислом Саидмуродовтың артында 3 баласы қалды
29.03.2023 | 12:22

Атырау облысында заңсыз ауланған 417 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр
29.03.2023 | 12:12

Ақтөбеде пәтерлердің бірінен екі мәйіт табылды

Сондай-ақ 13 жастағы қыз балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды
29.03.2023 | 11:48