Ол бұған дейін Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды
Айдын Құлсейітов Президент әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болды. Ол Президенті әкімшілігінің стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
Айта кетейік, Айдын Жеңісұлы Құлсейітов 1976 жылы Өскемен қаласында туған.
1997 жылы – Батыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін; 2004 жылы – ҚР президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясын аяқтаған. Техника ғылымдарының кандидаты.
1996-2000 жылдары – коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.
2000-2003 жылдары – Өскемен қаласының Индустрия, сауда және шағын бизнес басқармасының индустрия және экология бөлімінің бас маманы, бастығы.
2003-2004 жылдары – ҚР президентінің жанындағы мемлекеттік қызмет академиясының тыңдаушысы.
2004-2008 жылдары – Индустрия және сауда министрлігінің тұтыну тауарлар бөлімінің бастығы, өнеркәсіптің тау-кен және өңдеу салалары басқармасының, индустриалдық саясат департаментінің директоры, хатшылық – стратегиялық жоспарлау және жинақы талдау департаментінің директоры, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің стратегиялық жоспарлау және салааралық үйлестіру департаментінің директоры.
2008-2009 жылдары – Президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2009-2014 жылдары – «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басқарма төрағасы (қайта ұйымдастырудан кейін «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік»).
2014-2017 жылдары – «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ның басқарма төрағасы.
2017-2019 жылдары - Президент әкімшілігінің стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі.
2019 жылғы 22 шілдеcінен бастап Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.