Бүгінде елімізде 848 лагерь жұмыс істейді
Бас прокуратура балалар лагерлерін тексереді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Алматы қаласының прокуратурасы «саунамен бір үй-жайда балалар лагерін ұйымдастыру» кезінде кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі өкілеттіктерді теріс пайдалану және міндеттерді орындамау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде 848 лагерь жұмыс істейді, оның 118-і – мемлекеттік, 100-і – жекеменшік, 630-ы – шатырлы. Сондай-ақ биыл маусымда 10 мың 216 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істеді.
Жазғы кезеңді және балалардың құқықтарының ықтимал бұзылуын ескере отырып, бас прокурордың тапсырмасы бойынша аумақтық прокурорлар уәкілетті органдармен бірлесіп, мемлекеттік, жеке және шатырлы лагерьлердің қызметін тексеруге кірісті.
Тексерулермен балалардың тұру, санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын, өрт қауіпсіздігін, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз ету жағдайын қамту жоспарланған.
Биылға арналған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу кезінде заңдылықты сақтау мәселелері зерттеліп жатыр.