Тоқаев Кувейттің Тақ мұрагерімен кездесті

Халық үні

Мемлекет басшысы Кувейтпен байланысты нығайтудың маңыздылығын атап өтті

фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің» бірінші саммиті аясында Кувейт Мемлекетінің Тақ мұрагері шейх Мешаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда. 

Кездесу барысында сауда-экономика және инвестиция салаларындағы қазақ-кувейт ынтымақтастығының даму перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы Кувейтпен байланысты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Айтуынша, Қазақстан екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытуға мүдделі және барлық басым бағыт бойынша өзара іс-әрекетке тың серпін беруге дайын.Тақ мұрагері шейх Мешаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах Астана мен Әл-Кувейт арасындағы достық және өзара тиімді қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға дайын екенін атап өтіп, сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік салалардағы ынтымақтастықты дамыту үшін зор әлеует бар екенін жеткізді.