×

Бүгін «Астана» Тбилисидің «Динамо» клубымен кездеседі

Ойын Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі

 Дастан Жұмабекұлы 19.07.2023 | 17:49
Фото: ашық дереккөз

Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу турнирінде «Астана» клубы Грузияның Тбилиси қаласында осы елдің «Динамо» командасымен кездеседі.

Матч Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады. Ойын Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Астанада өткен алғашқы кездесуде командалар 1:1 есебіне тең тарқасты. Енді бүгінгі матчтан UEFA Чемпиондар лигасының келесі іріктеу турниріне шығатын команда анықталады. Осы ойында жеңген клуб Хорватияның «Динамо» (Загреб) командасымен кездеседі. Бұл ойындар 25 шілде мен 1 тамызда болады.

Тбилисидің «Динамосы» 1925 жылы құрылған. Ол КСРО кезінде (1964, 1978 жылдары) ел чемпионы атанған. 1990 жылдан бері Грузияның чемпионатын 18 рет жеңген.

1981 жылы UEFA кубок иегерлері кубогын алған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама