Halyq Uni логотип
×

Алматыда мүгедектігі бар адамға арналған инватакси пайда болды

Оның жолақысы 2 700 теңгеден 3 300 теңгеге дейін болады

 Дастан Жұмабекұлы 19.07.2023 | 14:47
Алматыда мүгедектігі бар адамға арналған инватакси пайда болды
фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда мүгедектігі бар адамдарға арналған инватакси пайда болды. Оның қызметін «Яндекс.такси» агрегаторы арқылы пайдалануға болады.

Бұл жоба Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен басталды. Оған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қолдау көрсетеді.

Бұған дейін Аламтыда мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау үшін арнайы көліктер болған еді. Бірақ олар аз болған. Енді Алматының тұрғындары мен қала қонақтары қыркүйекке дейін жаз бойы инватаксидің қызметін пилоттық режимде пайдалана алады.

Осы мақсатқа биыл жергілікті бюджеттен 946 млн теңге бөлінді. Соның нәтижесінде инватаксидің санын 100 автомобильге дейін көбейту жоспарланған. Ал оның жолақысы 2 700 теңгеден 3 300 теңгеге дейін көбейеді.

Жолдың ақысы трафик пен ауа-райына қарамайды. Ол 1 сағаттық жолақысы болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама