Алматы облысындағы жол апаты: қоршау көлікті тесіп өткен (ВИДЕО)
Жүргізуші рөлде отырып, ұйықтап кеткен
Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам қаза тапты.
Жол апаты 18 шілдеде сағат кешкі 18:20 шамасында болған. Жүргізуші рөлде отырып, ұйықтап ктекен. Соның кесірінен көлік жол жиегіндегі темірдің ортасына кіріп кеткен. Алматы облысы полиция департаментінің хабарлауынша, Toyota автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі Алматы-Өскемен тасжолының 109-шақырымында келе жатып, қалғып кеткен. Содан ол рөлді игере алмай, жол жиегіндегі темірге соғылған.
Бұл дерек Конаев атындағы ПБ-де Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тіркелді. Сараптамалық тексерулер тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Көлік жүргізушісі жансақтау бөлімінде алған жарақаттарынан көз жұмған. Сондай-ақ 2 жолаушы зардап шекті. Олар да Қонаев қаласындағы ауруханаға жатқызылды.