×

Израильде сот реформасына қарсы наразылықтар басталды

Ереуіл Тель-Авивтен басқа 7 қалада да болуы мүмкін

 Дастан Жұмабекұлы 19.07.2023 | 09:45
Фото: ашық дереккөз

Израильде сот реформасына қарсы наразылықтар басталды.

Ha'aretz газетінің хабарлауынша, наразылық білдірушілер Тель-Авивтегі үлкен тас жолдарға бөгет жасап, бірнеше көшеде көлік қозғалысын жауып тастады. 

Демонстранттар тобы Израиль Қорғаныс министрлігінің алдына жиналған. Наразылықтар Иерусалим, Эйлат, Беер-Шева, Петах Тиква, Ход Хашарон, Рамат Ган, Хадера қалаларында да жоспарланған. 

Басылымның мәліметіне қарағанда, реформаға қарсылар мен жақтастар арасындағы қақтығыстың алдын алу үшін көшелерде полицияның қызметі күшейтілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама