Израильде сот реформасына қарсы наразылықтар басталды
Ереуіл Тель-Авивтен басқа 7 қалада да болуы мүмкін
Израильде сот реформасына қарсы наразылықтар басталды.
Ha'aretz газетінің хабарлауынша, наразылық білдірушілер Тель-Авивтегі үлкен тас жолдарға бөгет жасап, бірнеше көшеде көлік қозғалысын жауып тастады.
Демонстранттар тобы Израиль Қорғаныс министрлігінің алдына жиналған. Наразылықтар Иерусалим, Эйлат, Беер-Шева, Петах Тиква, Ход Хашарон, Рамат Ган, Хадера қалаларында да жоспарланған.
Басылымның мәліметіне қарағанда, реформаға қарсылар мен жақтастар арасындағы қақтығыстың алдын алу үшін көшелерде полицияның қызметі күшейтілген.