Әнші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды
Әнші Төреғали Төрәлінің қамаудағы мерзімі аяқталды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл хабарды әншінің адвокаты Елнұр Кішкенебаева да әлеуметтік желіге жазды.
Төреғали ұлдарыңыз бостандыққа шықты. Барша қолдап, қорғаған оқырмандарға мың алғыс! Бәрі жақсы, уайымдағандарыңыз үшін рақмет айтамын! – деп жазды ол.
Еске сала кетсек, 14 маусымда әнші Алматыда полицейлерге бой бермей, оқиға орнынан қашып кеткісі келген еді. Содан кейін патрульдік полиция қызметкерлері Төреғали Төрәлі жүргізген автокөлікті қуып жетіп, одан әншіні шығарып, медициналық сараптама жасатқан. Соның нәтижесінде әншінің есірткі қолданғаны расталды. Сол күні ол әкімшілік жауапқа тартылды.
Сосын 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Одан кейін изолятордағы 20 күндік жазасына тағы үш күн қосылды.
3 шілдеде әлеуметтік желіде әншінің көлік жүргізгені туралы ақпарат тарады. Дәл сол күні Төреғали Төрәлінің қамаудағы мерзімі тағы 15 күнге ұзарды.