Halyq Uni логотип
×

Екібастұз іргесіндегі өрт салдарынан 73 қой-ешкі жанып кетті

Шаруаларға 4 бағытта көмек көрсетіледі

 Еркеғали Болатұлы 18.07.2023 | 14:56
Екібастұз іргесіндегі өрт салдарынан 73 қой-ешкі жанып кетті
фото: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

Екібастұз іргесіндегі дала өртінде Әлкей Марғұлан ауылында 73 бас ұсақ мал жанып кеткен. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Instagram-дағы парақшасына жазды.

Кеше дала өрттері болған Баянауыл, Май аудандары және Екібастұздың ауылдық аймақтарына бардым. Шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесіп, мәселелердің шешу жолдарын бірлесіп талқыладық, - деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, шаруаларға мына 4 бағытта көмек көрсетіледі:

- шабындық үшін арзандатылған дизель отынының көлемі 4 мың тоннадан 10 мың тоннаға дейін артады;

- жем-шөп дайындау үшін субсидия көлемі бір бас ірі қара үшін 7 мыңнан 15 мың теңгеге дейін және ұсақ мал үшін 3 мыңнан 5 мың теңгеге дейін артады;

- мұқтаж фермерлерге қор санаты, мемлекеттік орман қоры және жайылма учаскелерінде шөп дайындауға мүмкіндік беріледі;

- дәнді дақыл жинау кезінде сабан жинауға мүмкіндік жасалып, ол ұсақталмай, егістіктерде қалдырылады.

 

Сондай-ақ өрт салдарынан 73 бас ұсақ мал (50 ешкі және 23 қой) жанып кеткен Әлкей Марғұлан ауылының тұрғындарына келтірілген шығынды өтеу үшін өңірдің ірі кәсіпорындарымен материалдық қолдау көрсетілетін болады. Сонымен қатар, жазғы үйі мен малға арналған қоршауы зардап шеккен екі шаруашылыққа да дәл осындай көмек көрсетіледі, - деп мәлімдеді Асайын Байханов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама