Өткен айда ол тізімнің 30-сатысында тұрған болатын
Спортты дамыту дирекциясы Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежесінің рейтингін жаңартты. Бұл ретте қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев үздіктердің тізімінен шығып қалған.
Sports.kz-тің хабарлауынша, бірінші ауыр салмақта сынға түсіп жүрген қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев енді үздік 40 боксшының қатарында да жоқ.
Өткен айда ол тізімнің 30-сатысында тұрған болатын. Кеңестің мұндай шешімді қабылдауына спортшының кәсіпқой рингте жиі жекпе-жек өткізбеуі себеп болуы мүмкін.
Айта кетейік, Қамшыбек Қоңқабаевтың кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуі 2022 жылдың наурыз айында өткен. Сол кезде ол Өзбекстан өкілі Фаррух Джураевты техникалық нокаутпен жеңген еді.
Айта кетсек, Қамшыбек Қоңқабаев – әуесқой бокс пен қәсіпқой боксты қатар алып жүрген спортшы.