Қазақстан компаниясы Өзбекстанға инвестиция салады

Дастан Жұмабекұлы

ASK group Наманган облысына 800 млн болатын жобаны іске асырады

фото: yuz.uz

ASK group компаниясы Өзбекстан Республикасының Наманган облысына құны 800 млн доллар болатын жобаны іске асыруды мақсат етіп отыр.

Наманган облысының әкімі Шавкат Абдураззоқов ASK group компаниясының басшысы Марат Тәліпбаевпен кездесуде күн фотоэлектр станциясын салу туралы мәселені талқылаған. Кездесуде жобаны іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осыған орай, ASK group Наманганда 2023-2025 жылдары жалпы құны 800 млн доллар болатын күн фотоэлектр станциясын салады.

Қазір Өзбекстанда күн фотоэлектр станцияларын салу жұмысы қолға алынған. Ел президенті Шавкат Мирзеевтің қаулысымен Ташкент облысының Жоғарышыршық ауданында, Бұхара облысының Қаровулбазар ауданында, Қашқадария облысының Нишан ауданында электр энергиясын сақтау жүйесі құрылады.

Осы жобаларды іске асыру шеңберінде инвестициялық келісімдер бекітіліп, электр энергиясын сатып алу туралы келісімдер мақұлданған.