×

Атырау облысындағы көлден жарты тонна өлі балық жиналды

Көл суы бірден толып, тез кері тартылғанда балықтар қайраңда қалып қойған

 Айнұр Асылбекқызы 02.05.2022 | 00:00
көрнекі фото: Halyq Uni

Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахиянов Алмағамбет көлінен 507 келі өлі балық жиналғанын мәлім етті. Көл суы тез толып, тез қайтқан соң балықтардың көбі жағадағы жыңғылдардың арасында, қайраңда қалып қойған.

«Безымянный» арнасынан 65 келі өлі балық жиналса, «Алмағамбет» көлінен соңғы есеп бойынша 507 келі жиналды. Балықтарды құтқару жұмысы жалғасып жатыр. Жайық-Каспий бассейні инспекциясының 40 қызметкері және Алға ауылының 8 жұмысшысы осы бағытта әрекет етіп жатыр.

Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы аймақта 200-дан астам су айдыны болса, оның 70-ке жуығы қауіпті айдын қатарына жататынын, олардың қатаң бақылауда екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама