Halyq Uni логотип
×

Қарағандыда сотталған ер адам медициналық мекемеден қашып кеткен

Ол ауыр қылмыс жасаған

 Динара Амантай 18.07.2023 | 11:01
Қарағандыда сотталған ер адам медициналық мекемеден қашып кеткен
Фото: polisia.kz

Қарағандыда сотталған ер адам медициналық мекемеден қашып кеткен, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен 18 шілдеге қараған түні медициналық мекемеден қашып кеткен сотталған азаматтың мекенжайын анықтау және ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Ол – ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған Батыс Қазақстан облысының 35 жастағы тумасы.

Азаматтың қашып кету дерегі бойынша Қарағанды полициясы гарнизонының жеке құрамына бағыттама берілді. Белгілері: толық денелі, бойы – 165 см, шашы қара. Үстінде ақ футболка, қара аяқ киім, қара шалбар және басында қара кепка болған.

Полицейлер қала тұрғындарынан сипатталған адамға ұқсас азаматты көргендер болса, 102 нөміріне хабарласуларын сұрайды. Сондай-ақ облыс тұрғындарынан өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды өтінеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама