Halyq Uni логотип
×

Мәсімов пен оның орынбасарлары терроризмді қаржыландырушылар тізіміне енгізілді

Банктер бұл тізімге енгізілген тұлғалардың барлық қаржысын бұғаттап, олар нотариалдық, сақтандыру қызметтерінен айырылады

 Халық үні 17.07.2023 | 21:05
Мәсімов пен оның орынбасарлары терроризмді қаржыландырушылар тізіміне енгізілді
коллаж: Halyq Uni

ҚР ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин ресми түрде терроризмді қаржыландырушылар тізіміне енгізілді.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары әрекет етуші тұлғалар ретінде көрсетілген.

Банктер бұл тізімге енгізілген тұлғалардың барлық қаржысын бұғаттап, олар нотариалдық, сақтандыру қызметтерінен айырылады.  

Айта кетейік, Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған Кәрім Мәсімов қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды.

Жазаны ішінара қосу арқылы 18 жылға бас бостандығынан айыру, мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ал оның орынбасары болған Әнуар Садықұлов қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Ол 16 жылға сотталды. Сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды.

ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин қылмыстық кодекстің 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Өсіпов қылмыстық кодекстің 362-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама