Синоптиктер 18-20 шілде аралығына ауа райы болжамын жариялады
Синоптиктер 18-20 шілде аралығына ауа райы болжамын жариялады.
«Қазгиромет» РМК мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның солтүстік жартысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін.
«Алдағы тәуліктерде Қазақстанның солтүстік жартысына атмосфералық фронттар ықпал ететіндіктен, жаңбыр, найзағай, бұршақ болады, екпінді жел соғады», - делінген хабарламада.
18-19 шілдеде батыста, солтүстік-батыста, 18-20 шілдеде солтүстікте және солтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.
Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады, осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
18-19 шілдеде күндіз республиканың оңтүстік-шығысында 40-42 градус қатты ыстық болуы мүмкін.