×

Путиннің екі ұлы бар, біреуі анасымен бірге Швейцарияда тұрады - БАҚ

Алина Кабаева көптен бері Швейцариядағы зәулім сарайда тұрып жатыр екен

 Халық үні 01.05.2022 | 21:31
фото: Владимир Путин және Алина Кабаева

Швейцарияның Sonntags Zeitung басылымы Ресей президенті Владимир Путиннің олимпиада чемпионы Алина Кабаевадан туған екі ұлы барын (екі ұлдың анасы Алина Кабаева), біреуі Швейцарияда екенін жазды.

Басылымға бұл ақпаратты Алина Кабаеваны екі ретте де босандырып алған дәрігер (аты-жөнін атамауды өтінген) берген.

Сұқбат берген дәрігер Тичино кантонасында Сант Анна клинкасында гинеколог. Ресейде туған, 30 жыл бұрын Швейцарияға көшіп кеткен. Ол Путинмен жас күнінен бері жақын араласады, Санкт-Петербор қаласында басталған таныстық әлі жалғасып келе жатыр.

Швейцария басылымының хабарлауынша, бірінші ұлы (2015 жылы) Тичино кантонасында орналасқан Лугано қаласында дүниеге келген. Екінші ұлы «президенттің шешімімен» (2019 жылы) Мәскеуде туған. Басылымға сұқбат берген дәрігер Кабаеваны екінші рет босандырып алу үшін арнайы Мәскеуге келгенін айтқан.

Алина Кабаева жүкті кезінің екеуінде де Луганоға бірнеше рет келген. Ол Лугано маңындағы Коллина д'Оро элиталық коммунасындағы дәрігердің вилласына немесе Principe Leopoldo қонақүйіне тоқтаған. Ол дәрігердің қабылдауына анасымен, әпкесімен келген. Жанында күзетшісі болмаған.

Айта кетейік, Ресей президенті Путиннің заңды некесінен туған екі қызы бар - Катерина Тихонова мен Мария Воронцова.

Путин мен Кабаеваның арасында байланыс бары жөніндегі ақпарат 2008 жылдан бастап айтыла бастады. Саясаткер мен спортшының бірге түскен фотосы алғаш рет 2001 жылы Кремль сайтында жарияланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама