Halyq Uni логотип
×

Алматыда автотұрақтар қаланың меншігіне қайтарылады

Оның алғашқы паркингі Медеу ауданында ашылады

 Дастан Жұмабекұлы 17.07.2023 | 17:27
Алматыда автотұрақтар қаланың меншігіне қайтарылады
фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда «Алматы паркинг» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны құрылды.

Коммуналдық кәсіпорынның бағдарламалық жасақтамасы толық іске қосылғанға дейін бұрын қаланың автотұрақтарына иелік еткен «А – parking» компаниясы өз қызметін жалғастырып, төлемдерді қабылдайды. Осы кезеңде жиналған барлық қаражат бірыңғай оператордың, яғни «Алматы паркингтің» шотына берілетін болады.

Автотұрақтар әр аудан бойынша кезең-кезеңмен қайтарылады. Алғашқы автотұрақ Медеу ауданында ашылады. Одан кейін Алмалы, Бостандық пен басқа да аудандарда пайдалануға беріледі.

Бүгінде тротуар үлгісіндегі ақылы автотұрақтарда жерді қайта ресімдеу жұмыстары аяқталды. Медеу ауданында жаңа операторды көрсете отырып, ақпараттық тақтайшаларды ауыстыру басталды. Бақылау тақталары сонымен қатар аймақ нөмірін, тұрақ уақытын және төлем әдістерін көрсетеді.

Жаңа ақпараттық тақтайшалары бар аудандар фото-бейнетіркеудің мобильді кешендерімен бақыланатын болады. Жаңа тақталар мен аймақтар белгіленбеген жерлерде төлем уақытша алынбайды.

Бүгінде 3 төлем әдісі қолданылады:

Бірінші төлем әдісі, ЕДБ арқылы тақтада көрсетілген жалғыз QR коды арқылы қолданылады. Қазіргі уақытта автотұрақтарды төлеу Kaspi қосымшасының көмегімен қолжетімді. Halyk Bank қосымшасын 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін қосу жоспарлануда. Сондай-ақ, Forte Bank, Jusan Bank, «Банк ЦентрКредит» қосымшаларын қосу мәселесі пысықталуда.

Екінші төлем әдісі, Android қолданушылары «Алматы автотұрақтары» мобильді қосымшасы арқылы қолданылады. Apple пайдаланушыларына арналған қосымша Apple Store мақұлдағаннан кейін қолжетімді болады. Болжамды мерзім – биылғы жылдың тамыз айының екінші жартысы.

Үшінші төлем әдісі, сайт арқылы almaty-parking.kz. төлем үшін картада тұрақ таңдау керек, көлік номерін және тұрақ уақытын көрсету керек, содан кейін төлем картасының мәліметтерін енгізіп, төлемді аяқтау қажет. Картамен төлем Halyk Bank интернет-эквайрин арқылы іске асырылады. 2023 жылдың 11 тамызынан бастап автокөлік иелері SMS арқылы және Qiwi және kassa24 терминалдары арқылы тұрақ ақысын төлеуге мүмкіндік алады.

2023 жылдың 11 тамызынан бастап автокөлік иелері тұрақ ақысын SMS арқылы және Qiwi және Каssa24 терминалдары арқылы төлейтін болады.

«Алматы паркинг» ШЖҚ КМК аудан әкімдіктерімен бірлесіп, ең көп көлік жүретін көшелерді анықтау жұмыстарын істеп жатыр. Ақылы тұрақтарды орнату үшін орындар белгіленеді. Автотұрақтар Алматы қаласы әкімдігінің бекітілген ережелеріне сәйкес жұмыс істейді. Қазіргі қолданыстағы тарифтер сақталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама