Ірі қараның қырылуына улану себеп болған
Pavlodarnews.kz-тің хабарлауынша, 14-шілдеде Железин ауданы Башмачное ауылында «Асан» шаруа қожалығының 37 ірі қарасы қырылып қалған. Бұл туралы Железин ауданы ветеринарлық станциясының басшысы Жаслан Асайынов әлеуметтік желіге жазды.
Оның айтуынша, 40-қа жуық мал уланғаннан қырылып қалуы мүмкін.
Қазір малдың қырылу фактісі бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп, облыстық зертханаға жіберілді. Алдын ала болжам бойынша, малдар уланып қалуы мүмкін, – деді ол.
Осы оқиғадан кейін шаруа қожалығында 120-ға жуық ірі қара қалған. Олардан ешқандай ауру белгілері табылмаған. Малдар аудандық ветеринарлық қызметтің назарында.