Кентауда екі жасар бала суару каналына құлап кетті (видео)
Оны құтқарушылар алып шықты
Түркістан облысында суару каналына құлап кеткен екі жасар бала құтқарылды.
Оқиға 30 сәуірде 19:47-де Кентау қаласы, Хантағы ауылы, Төреқұлов көшесінде болған. 500 мм суару құбырына кәмелет жасқа толмаған баланың құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына барған кезде ересектердің қарауынсыз қалған 2020 жылы туған баланың құбырға құлап, 15 метр қашықтықта тұрып қалғаны анықталды, – деді төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.
ТЖМ мәліметінше, құтқару операциясына Түркістан облысы ТЖД-ның үш құтқарушысы және бір техникасы жұмылдырылды. Құтқарушылар зардап шеккен баланы құбырдың ішінен алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстады.
«Қазір баланың жағдайы орташа, дәрігерлердің бақылауында. Министрлік азаматтарға балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға кеңес береді», – делінген ақпаратта.