Бұл жағдай жолаушылар пойыздарының жүру кестесіне әсер етті
Жамбыл облысындағы Аспара станциясындағы жүк вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Компанияның мәліметінше, жүк вагондары жолдан бүгін сағат 01:05-те Түрксіб-Шу учаскесінің Аспара станциясында шығып кеткен. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аталған жағдай жолаушылар пойыздарының жүру кестесіне әсер етті. Барлық пойыз ауыз сумен қамтамасыз етілген, вагон-мейрамханалар жұмыс істеп тұр, - делінген компания хабарламасында.
Болған жағдайдың себептерін анықтау үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ында арнайы комиссиясы құрылды.