Күрестен АЧ: Қазақстан құрамасы екі күнде жүлденің бәрін алды

Дастан Жұмабекұлы

Енді U20 әйелдер күресінен 50, 55, 59, 68 және 76 келідегі мықтылар анықталады

Фото: Күрес түрлері федерациясы

Иорданияның астанасы Амман қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионатының (U15&U20) төртінші күні бозкілемге U20 грек-рим күресінің балуандары 5 келі салмақ дәрежесінде бақтарын сынап, қазақ балуандары ел қоржынына 3 күміс және 1 қола жүлде салды.

Финалға шыққан үш балуанымыз да, атап айтар болсақ, Айбек Айтбеков (55 кг), Юсуф Ашрафов (60 кг) және Нұрасыл Аманалы (87 кг) қарсыластарына есе жіберіп, күміс жүлде иеленді.

130 келідегі Жохар Узаров қола медаль үшін болған күресте Палестина балуанын ұтып, қола жүлдені иеленді.

Содан кейін U20 грек-рим күресінен қалған 60, 67, 72, 82 және 97 келідегі белдесулер өтті. Балуандар осы салмақтың бәрінде жүлде алды.

82 келідегі Ислам Евлоев финалда қырғыз балуаны Ырысбек Калыевтен 10:1 есебімен басым түсіп, Азия чемпионы атанды.

Қола жүлде үшін болған кіші финалда 60 келідегі Самандар Мадаминов қытай балуаны Юэ Тао Люді 8:0 есебімен ұтты.

67 келідегі Азиз Ғасымов түркімен Какабай Какабаевты 9:0 есебімен тізе бүктірсе, 72 келідегі Мерей Мәулітқанов Оңтүстік Корея өкілі Ганхи Лиден 10:1 есебімен айласын асырды. 97 келідегі Юусф Мациев түркімен балуаны Юсуф Беллиевпен кездесіп, күрес 8:0 есебімен отандасымыздың жеңісімен аяқталды.

Енді U20 әйелдер күресінен 50, 55, 59, 68 және 76 келідегі мықтылар анықталады.