Аптап ыстық: Бүгін ауа райы қандай болады

Халық үні

Түркістан облысының батысында және шөлді аудандарында 35-41°с қатты ыстық күтіледі

фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК-сы шілденің 17-сі күнгі күн райы болжамын жариялад. 

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, шілденің 17-сі күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күн құбылмалы боады. Кей жерлерде жаңбыр , бұршақ жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді. Ал елдің қалған аумақтарында көбіне күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде еліміздің солтүстік-шығысында тұман түседі.

Күндіз Ақмола, Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстарында, Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының батысында және шөлді аудандарында 35-41°с қатты ыстық күтіледі.

Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.