×

Жарты жылда елге төтенше жағдайлар салдарынан 2,5 млрд теңге шығын келген

858 адам зардап шегіп, 316 азамат қаза тапты

 Еркеғали Болатұлы 16.07.2023 | 15:33
фото: ашық дереккөз

Биыл 6 ай ішінде Қазақстанда тіркелген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саны былтырғымен салыстырғанда 7,3% көп. Бұл туралы ТЖМ сайтында жарияланған жарты жыл ішіндегі жұмыстардың есебінде жазылған.

Жыл басынан бері 6 200 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай және оқиғалар тіркелді. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 7,3% көп. Оның салдарынан 858 адам зардап шегіп, 316 азамат қаза тапты. Келтірілген материалдық шығын – 2 млрд 584 млн 85 мың теңге. Техногендік сипаттағы 5 647 төтенше жағдай тіркелген. Одан 480 адам зардап шегіп, 222 адам көз жұмды, - делінген ведомство ақпаратында.

Техногендік сипаттағы жағдайлардың 91%-ы өндірістік және тұрмыстық өрттерге тиесілі. Атап айтқанда, жарты жылда 5 139 өрт болып, одан 346 адам зардап шеккен және 194 адам ажал құшты. Сонымен қатар бұл оқиғалардан 2,2 млрд теңге материалдық шығын келіп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама