Halyq Uni логотип
×

Қытайда балалардың ботқасына у қосқан тәрбиеші өлім жазасына кесілді

Уланған балалардың бірі 10 ай емделгеннен кейін көз жұмды

 Еркеғали Болатұлы 16.07.2023 | 13:21
Қытайда балалардың ботқасына у қосқан тәрбиеші өлім жазасына кесілді
фото: ашық дереккөз

Қытайда әріптесінен кек алу үшін балабақша тәрбиешісі балаларды улап, салдарынан 1 бала көз жұмған. Маман істеген қылмысы үшін өлім жазасына кесілді.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың наурызында Цзяозуо қаласындағы балабақшада жаппай тамақтан улану болған. Полицейлер тәрбиеші Ван Юнның мектеп жасына дейінгі балалардың ботқасына натрий нитритін қосқанын анықтады. Уланған балалардың бірі 10 ай емделгеннен кейін көз жұмды.

Ван Юн бірінші сатыдағы соттың үкімімен өлім жазасына кесілді. Кейін Қытай Халық Республикасының Жоғарғы халық соты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Ол 13 шілдеде өлім жазасына кесілді.

Жаппай уланудан кейін балабақша жабылып тынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама