Алматы мен Шымкентте із-түзсіз жоғалып кеткен 2 адам өлі табылды
Өлімнің мән-жайы анықталмаған
Алматы мен Шымкентте із-түзсіз жоғалып кеткен 2 адам өлі табылды. Өлімнің мән-жайы анықталмаған. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында хабарлады.
Алматыда 27 маусымда 2007 жылы туған Ешмұхамбет Нұралы Жайықұлы жоғалып кетті. Ол сағат 22.00 шамасында Алатау ауданы Ұлжан-1 ықшамауданы Сарыбастау көшесі,36 мекенжайындағы үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған.
14 шілдеде жоғалған ер адамның көз жұмғаны белгілі болды.
1991 жылғы Алтынбаев Фархат Қадырбайұлы 2022 жылғы 27 сәуірде жоғалып кеткен. Сағат 6:30 шамасында Игілік шағынауданы Іркөл көшесі мекенжайындағы үйден шығып кеткен. Ер адам белгісіз бағытқа кеткен. Хабар-ошарсыз кеткен бірінші топтағы мүгедектің бағдары бұзылғаны анықталды.