Halyq Uni логотип
×

Шымкентте еңбек демалысында жүрген көші-қон полициясы басқармасының бастығы ұсталды

Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізілуде

 Халық үні 15.07.2023 | 21:37
Шымкентте еңбек демалысында жүрген көші-қон полициясы басқармасының бастығы ұсталды
ашық дереккөзден

Шымкентте еңбек демалысында жүрген көші-қон полициясы басқармасы бастығы ұсталды, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігі.

«Бүгін ҰҚКД және Шымкент қаласы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері бірлескен жедел іс-шаралар нәтижесінде еңбек демалысында жүрген көші-қон полициясы басқармасының бастығын ұстады. Ол 1000 доллар көлемінде ақшалай сыйақы алды деген күдікке ілінді», - делінген хабарламада.

Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жай сотқа дейінгі тергеу барысында анықталатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама