×

Атырауда 4 көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды

Жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында қайтыс болды

 Халық үні 15.07.2023 | 20:45
Фото: alatauaraiy.kz

Атырауда 4 көлік соқтығысып, 2 адам көз жұмды.

Оқиға 15 шілде күні сағат 15:25 шамасында болған.

«Атырау қаласындағы М.Баймұханов көшесінде 4 автокөлік соқтығысты. Төрт автокөліктің екеуі – жолаушылар тасымалдайтын «Daewoo» және «Youtong» маркалы автобус. Екеуі – Toyota Camry және Hyundai Elantra маркалы көліктер. Жол апатының салдарынан Hyundai Elantra автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Кәмелетке толмаған жасөспірім жолаушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Өзге көлік құралдарының жолаушыларына жедел-жәрдем қызметкерлері медициналық көмек көрсетті» -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдары жүргізіліп,іс құжаттары жинақталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама