ТЖД-ның тартылған күштері мен құралдарының көмегімен жануды оқшаулауға мүмкіндік туды
Баянауыл ұлттық саябағында қураған шөптің жануы оқшауланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше Қызылтау ауылынан 12-45 шақырым жерде ашық аумақта құрғақ шөп жанған. Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша жанудың болжамды ауданы – 800 гектар.
Өрт «БГНПП» РММ аумағына өтті (Долба орманшылығы, 115, 117, 118 кварталдар) және сол жерде 20 гектарды аумақты қамтыды.
ТЖД-ның тартылған күштері мен құралдарының көмегімен жануды оқшаулауға мүмкіндік туды.
Жалпы алғанда, жануға қарсы күреске облыстың ТЖД, орман шаруашылығы, ерікті өртке қарсы құралымдар мен жергілікті атқарушы органдардың 130 адамы мен 35 техникасы қатысып жатыр.
ТЖД қызметкерлері барлық азаматтарды әсіресе орман және ауыл шаруашылығы аудандарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Өрт анықталған жағдайда ол туралы шұғыл қызметтің нөмірі бойынша немесе жақын жердегі өрт сөндіру бөліміне дереу хабарлау керек.