ҰБТ-да шекті балды 135 мың адам жинаған
Екі күн ішінде грант конкурсына талапкерлерден 30 мыңнан аса өтініш түсті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, талапкерлердің таңдауы ішінде ең сұранысқа ие бағыты ретінде «Педагогикалық ғылымдар» қалып отыр. Оған 8 мыңға жуық оқуға түсуші құжат тапсырған. Екінші орында орналасқан «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына» 6 мыңнан аса өтініш қабылданды. Сұранысқа ие үштіктің ішіне «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыты кірді. 5 мыңға жуық адам IT саласына түсуді жоспарлап отыр.
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініштер қабылдау 20 шілдеге дейін жүргізіледі. Құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе жоо-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ЖОО-да виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейтін болады. Құжаттарды кез келген жоо (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады.
Естеріңізге сала кетсек, 135 мың адам ҰБТ-да шекті балл жинаған, олар грант конкурсына қатыса алады.