Түркістан облысында 5 жасар қыздың мәйітін тапқан ауыл тұрғыны оқиғаның мән-жайын айтты

Халық үні

Қаршадай қыздың жақындары Еркежан жоқ болғанда, көршісінен бірден күдіктенген

фото: КТК телеарнасы

Түркістан облысында жауыздықпен өлтірілген бес жасар қызды алғаш болып тапқан ауыл тұрғыны оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлады КТК арнасы. 

56 бала болып, іздеп жаттық. Ішке кірдік осы үйге. Кірсек, киімі шықты қыздың. Сөйтіп, бүкіл жақты іздеп жатыредік мен крышаға шықтым жолдас баламен. Шипрды басып қалған едім, қыз жатыр екен. Ештеңе оралмаған. Үстіне шипр жауып қойған. Жатыр, болды, – дейді Жібек жолы ауылының тұрғыны Ержан Ахметов.

Қаршадай қыздың жақындары Еркежан жоқ болғанда, көршісінен бірден күдіктенген. Өйткені, ауылдасы осыған дейін сотты болыпты. Сондай-ақ, оның жеткіншекті жалғыз өзі өлтіргеніне сенбейді. Себебі, оның 2-3 күннен бері достарымен бірге ішімдік сілтеп отырғанын көршілер көрген дейді.

Бір өзі істей алмайды ғой. Мас болған. Үйдің таңбасына шығарып тастаған. Ол бір адамның ісі емес қой. Ақылдасқан нәрсе. Ана жерге апарып, көміп қойса білініп қалуы мүмкін деген жорамал ғой. Кешке қарай ағызып жібереміз, құртамыз деген мақсатпен істеген шығар. Көрдік сәбиді. Бет ауызын ұрған. Шыңғырған кезде айқайлама деп ұрған болуы керек. Пышақтап тастаған. Қалай ғана жас сәбиге соншалықты дәрежеге барғанына миым жетпейді, – дейді Еркежанның ағасы Ерғали Ережепов.

Алайда, полицейлер қазір 1 ғана күдіктінің құрықталғанын жеткізді. Кінәсін толық мойындапты. Қазір оған қатысты жас баланы өлтіру бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Енді қаскөй кемі 20 жыл немесе өмір бойына темір торға тоғытылуы мүмкін. Бұған дейін қыздың зорланғаны туралы әлеуметтік желіде айтылған еді. Алайда, қорланды ма, жоқ па? Әзірге белгісіз. Сараптаманың қорытындысы шыққанда айқын болады.

Кәмілетке толмаған қызды өлтіру фактісі бойынша қазіргі таңда күдікті ұсталып, ҚР 99 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. 14:49 Күдікті мас күйінде болған. Сараптама алынды. Күдікті ретінде жалғыз өзі қамауда отыр, – дейді  Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің бастығы Есенғали Бейсебаев.

Қайғылы оқиғиға қатысты президент те бәй-жәй қалмады. Істі мұқият тексеруді Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне тапсырыпты. Күдікті биыл адам денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін 3 жылға бас бостандығынан шектелген еді. Қасым-Жомарт Тоқаев шығарылған сот үкімінің заңдылығын тексеру керек деп санайды. Сондай-ақ, ол адамға қатысты аса қауіпті қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту маңызды деп отыр. Шынашақтай қызынан айрылған отбасы тергеудің әділ жүріп, қаскөйдің ең қатаң жазаға тартылуын сұрайды.