Алматыда 7 жасар өгей қызын өлтірген әйелге қатысты тың дерек шықты

Халық үні

Оған 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды

Фото: zakon.kz

Алматыда өгей қызын өлтірді деген күдікке ілінген әйел екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 14 шілдедегі қаулысымен күдікті Т. есімді әйелге қатысты «ауыр қылмыс жасады» деген айып бойынша сотқа дейінгі тергеу органының арызы қанағаттандырылып, сотқа дейін бұлтартпау шарасы санкцияланды. Оған 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды, - делінген хабарламада.