Halyq Uni логотип
×

«Кінәліні анықтау мақсат емес». Авиация әкімшілігі ИИДМ шенеунігінің сөзін жоққа шығарды

Алматы іргесінде апатқа ұшыраған Bek Air ұшағына қатысты тергеу аяқталды

 Қымбат Елтайқызы 30.04.2022 | 18:52
«Кінәліні анықтау мақсат емес». Авиация әкімшілігі ИИДМ шенеунігінің сөзін жоққа шығарды
фото: Halyq Uni

Қазақстанның авиация әкімшілігі мен Азаматтық авиация комитеті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көліктегі апаттар мен оқыс оқиғаларды тергеу департаментінің директоры Болат Наурызәлиевтің Bek Air ұшағының апатқа ұшырауына пилот кінәлі деген мәлімдемесін қисынсыз деп есептейді.

Аталған ведомстволар біреудің кінәсі мен жауапкершілігін анықтау авиация оқиғасы немесе апатты тергеудің басты мақсаты еместігін айтып, ең алдымен ұшақтардың апатқа ұшырау себебін анықтап, алдағы уақытта апаттардың алдын алуға арналған ұсыныстар әзірлеу үшін қажет деп санайды.

«Көліктегі апаттар мен оқыс оқиғаларды тергеу департаментінің директоры Болат Наурызәлиевтің әуе көліктерінің мұз басуға қарсы өңдеуге қатысты пікірін шындыққа жанаспайды және мына себептерге байланысты қоғамда теріс пікір қалыптастырып отыр деп санаймыз. Әуе көліктерінің мұз басуға қарсы өңдеуге қойылатын тааптар регламенттелген. Оның үстіне, әуе көлігінің әр түріне арналған өз нұсқаулығы бар. Оны әуе көлігін дайындаушылар қабылдайды және қатаң сақтауды талап етеді», - делінген мәлімдемеде.

Авиация әкімшілігі Азаматтық авиация комитетінің құзырлы тұлғалары тарапынан әрекетсіздігі мен салғырттығы атап көрсетілген нормативті-құқықтық актілерге сілтеме жасауды қате мәлімет деп санайды.

«Аэродром маңы аумағының жай-күйін бақылау (құрылыс нысандарын анықтау және келісілмеген нысандар тұрғызу) әуежайдың негізгі міндетіне жатады. Олар жылына кемінде екі рет кедергілердің бар-жоғына тексеру жүргізіп, қажеттілік туындаса, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хабар беруі керек», - деп жазылған мәлімдемеде.

Еске салайық, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматы қаласының әуежайы аумағында Bek Air әуе компаниясына тиесілі Fokker 100 әуе кемесінің апатқа ұшырады. Апат кезінде ұшақ бортында 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 13 адам көз жұмып, 50 шақтысы түрлі жарақат алды.

29 сәуірде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұшақ апатына қатысты тергеу аяқталғанын хабарлады.

ИИДМ көліктегі оқиғаларды тергеу департаментінің директоры Болат Наурызәлиев ұшқыш қайтыс болған жағдайда да, болған оқиға үшін жанама жауапкершілігі болуы керегін айтты.

«Ұшақты өңдеу бойынша неге ережелер бүкіл әлемде бар, бірақ бізде жоқ. Ұшақ таза болғандықтан, олар толық өңдеу деген шешім қабылдауға мәжбүр болды. Ұшақты өңдеу жөніндегі шешімді әуекемесінің командирі қабылдайды. Қазір бұл жауапкершілік жоқ, адами фактор деп қалды.

«Ол да жауапкершілік алуы керек. Себебі осындай шешім қабылдады. Олар бірлесіп шешім қабылдады. Жеке компанияларда ұшқыштарды мынау болмайды, мұнда өңдейсіз, бұл қажет емес деп белгілі бір шеңберге қойып тастайды. Өйткені бұл өте қымбат. Ұшақты өңдеу бағасы түрлі компанияларда әртүрлі», - деді Болат Наурызәлиев ИИДМ-де өткен брифинг барысында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама