Кристина Овчинникова чемпион атанса, Елизавета Матвеева күміс жүлдеге ие болды
Таиландтың астанасы - Бангкокта жеңіл атлетикадан өтіп жатқан XXV Азия чемпионатында биіктікке секіруден ұлттық құраманың спортшысы Кристина Овчинникова чемпион атанса, Елизавета Матвеева күміс жүлдеге ие болды.
Екі қазақстандық атлет 1,86 метрге секірген. Кристина алғаш болып осы көрсеткішті тіркегендіктен бас жүлдені алды.
Қола медаль өзбекстандық Светлана Радзивилге бұйырды (1,83 метр).
Қазір Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміспен жалпы есепте 4-орында келеді.