Halyq Uni логотип
×

Жеңіл атлетика: Қазақстан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Кристина Овчинникова чемпион атанса, Елизавета Матвеева күміс жүлдеге ие болды

 Дастан Жұмабекұлы 14.07.2023 | 12:15
Жеңіл атлетика: Қазақстан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Фото: ашық дереккөз

Таиландтың астанасы - Бангкокта жеңіл атлетикадан өтіп жатқан XXV Азия чемпионатында биіктікке секіруден ұлттық құраманың спортшысы Кристина Овчинникова чемпион атанса, Елизавета Матвеева күміс жүлдеге ие болды.

Екі қазақстандық атлет 1,86 метрге секірген. Кристина алғаш болып осы көрсеткішті тіркегендіктен бас жүлдені алды.

Қола медаль өзбекстандық Светлана Радзивилге бұйырды (1,83 метр).

Қазір Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміспен жалпы есепте 4-орында келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама