Halyq Uni логотип
×

Қытай 2030 жылға қарай Айға адам жібереді

Жер серігінде станция салынады

 Дастан Жұмабекұлы 14.07.2023 | 09:55
Қытай 2030 жылға қарай Айға адам жібереді
Фото: ixbt.com

Қытай 2030 жылға қарай Жердің табиғи серігі Айға ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында адам жіберуді жоспарлап отыр.

ҚХР ғарыштық ұшулар бағдарламасы басқармасы бас инженерінің орынбасары Чжан Хайлианның айтуынша, Қытай 2030 жылға қарай Айға адам жіберіп, одан кейін оның бетінде сынақ станциясын салуға кірісіп, жүйелі, үздіксіз зерттеулер мен техникалық тәжірибелер жүргізуді мақсат етіп отыр.

Айға адамды жіберу үшін екі зымыран тасығыш пайдаланылады, – деді Чжан Хайлиан.

Оның айтуынша, қытайлық зерттеушілер бұл миссияны сәтті орындау үшін жаңа технологияларды, соның ішінде «Чанчжэн-10» зымыран тасығышын, жаңа буын басқаратын ғарыш кемесін және Айға қондыру аппаратын дайындап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама