Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында жоғалған қыздың денесі табылды

Полиция қылмыстық іс қозғады

 Халық үні 14.07.2023 | 08:22
Түркістан облысында жоғалған қыздың денесі табылды
Фото: 24.kz

Түркістан облысында жоғалған қыздың мәйіті табылды, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

13 шілдеде Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалғанын айтып арызданған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция ауыл тұрғындарының бірінің үйінен денесінде жарақаты бар қыздың денесін тапты.

Бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс тіркелді. Сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті Сарыағаш АПБ-ға жеткізіліп, қамауға алынды. Істің мән-жайы анықталуда.

Тергеу Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама