Сот оны кінәлі деп таныды
Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Алматы қаласының экс-әкімі, Nur Otan (қазіргі Amanat) партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған Бауыржан Байбектің әкесі Қыдырғали Байбекке қатысты істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сот Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 319-бабы «Жерге тиісті құқығынсыз өндірістік, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық немесе шаруашылық-тұрмыстық объектілерді заңсыз салу» бойынша істі қарады.
«Сот кабинетінде» жарияланған мәлімет бойынша, Қыдырғали Байбек елордада тұрғын емес үй-жайға аула жағынан кіретін есік салған. Бұл ретте ол құрылыс бақылауын жүзеге асыратын уәкілетті органдарға хабар бермей, осылайша Әкімшілік кодексті бұзған.
«Сот отырысында Қ.М.Байбек өз кінәсін толық мойындады», - делінген сот қаулысында.
Қыдырғали Байбек заңбұзушылық жойылып, заңсыз есік алып тасталғанын түсіндірді. Сот оны кінәлі деп танып, 51 750 теңге айыппұл төлеу туралы үкім шығарды.
Бүгін таңертең сотта Қыдырғали Байбектің қатысуымен тағы бір отырыс өтуі керек еді. Ол ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-бөлігін бойынша айыпталған.