Halyq Uni логотип
×

БҚО мен Павлодар облысында екі лауазымды полицейге сот үкімі шықты

Өзбекстан азаматынан пара алған павлодарлық полиция капитаны 3 жылға бас бостандығынан айырылды

 Ербол Тұрымбет 30.04.2022 | 13:14
БҚО мен Павлодар облысында екі лауазымды полицейге сот үкімі шықты
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Жақында Шымкент қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция полкінің 4-рота командирінің қылмыстық әрекеті тоқтатылды. Ол жүйелі негізде қарамағындағы қызметкерлерден қызметі бойынша жалпы қамқорлығы үшін пара алған (Қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша).

27 сәуірінде қарамағындағы қызметкерлерден кезекті пара алғаннан кейін күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 29 сәуірде Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты оған қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Сонымен қатар, бірқатар өңірлерде полиция бөлімшелерінің басшыларына қатысты айыптау үкімі шықты.

Павлодар облысында 26 сәуірде көші-қон режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны үшін Өзбекстан азаматынан пара алған Павлодар қаласы ПБ көші-қон қызметі бөлімі бастығының орынбасары полиция капитаны Е. Әубәкіров 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Батыс Қазақстан облысында 27 сәуірде БҚО бойынша ПД Ақжайық аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары - полиция майоры А. Әбілхайыровқа 7,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Ол Орал қаласының тұрғынынан қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 500 мың теңге алуға оқталды деп айыпталды.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және арнаулы атақтарынан айырылған. Үкімдер заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама