Енді бүгін қыздар сайысқа түссе, ертең еркін күрес шеберлері жүлделерді сарапқа салады
Иорданияның астанасы – Амман қаласында күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы күні Қазақстан құрамасының U15 грек-рим күресінен жас балуандар 3 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлдеге ие болып, жалпыкомандалық есепте 2-орыннан көрінді.
Атап айтқанда, Диас Маратов (48 кг), Досбол Шәміл (57 кг) және Әбілмансұр Ахалбек (68 кг) Азия чемпиондары атанса, Мәрлен Мейірбекұлы (62 кг) мен Аянбек Ибраев (85 кг) күміс жүлдеге ие болды. Сұлтан Мәулітханов (38 кг), Сұңқар Зарап (44 кг) пен Дамир Ақан (52 кг) қола жүлде иеленді.
Енді бүгін қыздар сайысқа түссе, ертеңгі жүлделерді еркін күрес шеберлері сарапқа салады.