×

Шетелдік көліктерді заңсыз тіркегендердің арасында полицейлер де болған

Бүгінде қылмыстық істер тергеліп жатыр

 Дәурен Ерболат 13.07.2023 | 17:33
фото: bangkokbook.ru

Қазақстанда шетелдік көліктерді заңсыз тіркегендердің арасында полиция қызметкерлері де болған. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру барысында біраз кемшілік болғанын мойындаймыз. Осы көліктерді заңсыз тіркеуге қатысы бар полиция қызметкерлерінің болғанын да жасырмаймыз. Сондай-ақ арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері де, алаяқтар да бар екені рас.

Қазір (шетелдік көліктерді заңсыз теркеуге қатысты, – автор) қылмыстық істер қозғалды. ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері бұл қылмыстық істерді тергеп жатыр», - деді комитет төрағасы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ол шетелдік көліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топтарға тоқталды.

Бүгінде мұндай фактілер Алматы қаласы мен Алматы облысында тіркелді. Тағы біраз өңірде бар. Қазір қылмыстық іс тергеліп жатқандықтан, бұл деректерді айта алмаймын. Қылмыстық іс бойынша (сот) шешім қабылдаса, тиісті деректерді жариялаймыз, - деді Қайсар Сұлтанбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама