Боксшы Шүменовке қатысты тергеу басталды – ІІМ

Дастан Жұмабекұлы

Сот шешімімен күдікті кәнілі деп танылса,  5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады

Фото: ашық дереккөз

Ішкі істер министрлігі Астанада төбелес шығарған боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты тергеу ісімен айналысып жатыр.  

Еске сала кетсек, 18 маусымда Астанадағы MEGA SILK WAY СОО-дағы дәмханалардың бірінде боксшы Бейбіт Шүменов қоғамдық тәртіп бұзып, баласымен бірге отырған адамды ұрып-соққан болатын.

Қазір осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен («Бұзақылық») сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот шешімімен күдікті кәнілі деп танылса, аталған бап 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Ішкі істер органдары барлық қажетті жедел-тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады.