«Ақбөкен көп». Ақмола диқандары дабыл қағып жатыр

Дәурен Ерболат

Былтырғы шығын – 8 млрд теңге

Фото: massaget.kz

Ақмола облысында шаруалар ақбөкеннің көп болуы салдарынан шығынға ұшырайтындарын айтып, дабыл қағып жатыр, деп хабарлады Atameken.kz.

Мәселе Атбасар, Астрахан, Қорғалжын, Жарқайың, Егіндікөл, Целиноград аудандарында өзекті.

Жарқайың ауданындағы ең ірі шаруа қожалығының иесі Темірхан Жангелдиннің айтуынша, биыл ақбөкен былтырғыдан да көп.

Олардың таралу аймағы артты. Ақбөкендер біздің ауданның аумағына етене енді. Вагондарды қоршау алаңдарына қоямыз, квадроциклдер сатып алдық, жануарларды айдау үшін адамдарды жалдаймыз, бірақ нәтиже жоқ. Бұл жағдайды құрғақшылық та нашарлатып отыр. Ол дақылдарға әсер етеді, ал ақбөкендер онсыз да әлсіз дақылды таптап жатыр, - деді фермер.

Өткен жылы облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жалпы алымда да, материалдық тұрғыда да айтырлықтай шығынға ұшыраған. Ақбөкендердің ауыл шаруашылығы дақылдарын бүлдіруінен келтірілген залал – 8 млрд теңгеден асқан (1 га үшін 55 мың теңге есебінен). Мысалы, Егіндікөл ауданында 45 мың гектардан аса, Астрахан ауданында – 22 мың, Жақсы ауданында – 19 мың, Жарқайың ауданында – 10 мың гектарға жуық егіс алқабы бүлінген.

Диқандар егістіктерін ақбөкендердің шабуылынан сақтандыра да алмайды. Өйткені сақтандырудың ондай түрі жоқ. Осыған байланысты Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшылары бірқатар ұсыныс жасады. Атап айтқанда, уәкілетті органдар, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК мамандандырылған ұйымының күшімен ақбөкендердің санын реттеу керек.

Ақбөкендердің көші-қоны жолында мамандандырылған жем-шөп алаңдарын анықтау бойынша жұмысты жолға қою, қоршауды дайындау және орнату үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлу керек.

Сондай-ақ орталық деңгейде ақбөкендердің келтірген залалын бағалау үшін құзыретті мемлекеттік органдардың өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар қатарынан комиссия құру, залалды өтеу үшін мемлекеттік қазынадан қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру қажет», - деп санайды Өңірлік кәсіпкерлер палатасы АӨК бөлімінің басшысы Жайсан Бекқожин.

Айта кетейік, Қазақстанда ақбөкендерді аулауға тыйым салынған, олар ЮНЕСКО-ның қорғауында.